| Қарағанды облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. |
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 тамызда сағат 19:45 шамасында Алматы–Екактеринбург тасжолының 770 шақырымында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Lexus LX470 көлігінің 47 жастағы жүргізішісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен. Соның салдарынан 46 жастағы жолаушы оқиға орынында қаза тапса, көлік жүргізушісі мен 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", — делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырады", — делінген ПД хабарламасында.

США понадобилась гиперзвуковая ракета для взлома ПВО равного противника
Axios: Рубио и Вэнс не обсуждали выборы 2028 года
МВД планирует создать единую базу данных о педофилах к 2027 году
Трамп обвинил более 40 стран в обходе пошлин на китайские товары
Мельникова впервые выиграла личное многоборье на чемпионате Европы