| Синоптиктер 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. |
Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальды бөлімдерге байланысты ауа райы өзгереді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжанып отыр.
"Елдің көптеген аймағында ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы, 7 қазанда солтүстіктің кейбір аудандарында 1 градусқа дейін суық, күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус жылы, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады", — делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.

The New Indian Express: Хищник напал на мужчину в Тамилнаде
Россиян оставили без денег. Что натворил Центробанк
Афганистан начал операцию против Пакистана в ответ на бомбардировки
ЦАХАЛ нанёс удары по объектам "Хезболлах" в Ливане
Фарш, лаваш и рецепт из 2 строчек: ленивая лазанья — готовлю и готовлю, не могу остановиться