41 жастағы ер адам баласына материалдық көмек көрсетуден жалтарып келген.
"Аксуат ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, 41 жастағы ер адам баласына материалдық көмек көрсетуден жалтарып келген. Оның жалпы қарызы 1 200 000 теңгеден асқан", — делінген хабарламада.
Іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер борышкердің Өскемен қаласында жүргенін анықтап, оның құжаттарын сот орындаушыларына жолдады. Енді тиісті шаралар заң аясында қолға алынады.
Полиция департаментінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері Абай облысында көші-қон қызметінің бөлімшелері 65 борышкерді анықтаған. Олардың ішінде алименттен бөлек, салық және материалдық шығынды өтеуден жалтарған азаматтар да бар.
Құзырлы органдар жауапсыздық танытқан азаматтардың заң алдында міндетті түрде жауап беретінін ескертеді. Алимент төлеу – ата-ананың заңмен бекітілген, әрі адамгершілік тұрғысынан да маңызды борышы.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

«Яндекс» тестирует карту с данными о наличии топлива на АЗС
В Токмаке для эвакуации пострадавших задействовали пять бригад скорой помощи
Мирошник: Запад скрывает преступления киевского режима
Опекунов в Чувашии принуждают оплачивать коммунальные долги умерших родителей
В Брянской области человек погиб и двое пострадали при ударах со стороны ВСУ