|
|
2024 жылы Алматы жолдарына қосымша 1000-нан аса "Сергек" камерасын орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы оңтүстік астананың цифрландыру басқармасы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабынд, "Алматы жол қозғалысын талдау және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің интеллектуалды жүйесі" жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі жасалды.
"Келісім бойынша қазіргі уақытта Алматыда 1341 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені (7894 бейнекамера) орнатылған. 2024 жылы қосымша 300 кешен (1200 бейнекамера) орнату жоспарланған", — деп хабарлады ведомство.
Осылайша мегаполистегі "Сергек" камераларының жалпы саны 9 мыңнан асады.

Американские военные лазером сбили дрон погранслужбы США
The New Indian Express: Хищник напал на мужчину в Тамилнаде
Россиян оставили без денег. Что натворил Центробанк
Афганистан начал операцию против Пакистана в ответ на бомбардировки
ЦАХАЛ нанёс удары по объектам "Хезболлах" в Ливане