Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.
"Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады", — дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар.
Сурет: pixabay

«Зенит» увозит победу из Каспийска благодаря автоголу в матче 25-го тура РПЛ
Турецкий актер Бурак Озчивит прибыл в Казань
Леонсис готов дать Овечкину столько времени, сколько потребуется
Компанию по выкупу старых автомобилей хотят создать в Алматы
МИД РФ призывал страны СНГ объединить усилия в неприятии сноса памятников