| Маңғыстауда биыл 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған. Әсіресе инватакси қызметінде заңбұзушылықтар көбірек тіркелген, деп хабарлайды Kazinform. |
Инватакси қызметі заң бойынша үзіліссіз, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуі тиіс болса, олар тек 8 сағат қызмет көрсеткен. Сондай-ақ мүгедектігі бар 3 мыңнан астам адам оңалту-сауықтыру шараларынан шет қалған. Өйткені, жауапты мекеме 66 млн теңге қаржыны тиісті мақсатта жұмсамай, ұстап отырған. 100-ге жуық мүгедек медициналық тексеруден қайта өтуге мәжбүр болған. Бұған дәрігерлердің тиісті құжаттарды дұрыс толтырмауы себеп болған.
Қаладағы әлеуметтік нысандардың 100-ден астамы мүгедектігі бар адамдар үшін талапқа сай емес. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 7,5 млн теңге айыппұл салынған.
- Облыс аумағындағы инфрақұрылым объектілері тиісті талаптарға сәйкес емес екені анықталды. Олардың басшылары қадағалау актісімен 7,5 млн теңге төлеу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокурорлық қадағалау актісімен жартысынан көбі талаптарға сәйкестендірілді, — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев.

Американские военные лазером сбили дрон погранслужбы США
The New Indian Express: Хищник напал на мужчину в Тамилнаде
Россиян оставили без денег. Что натворил Центробанк
Афганистан начал операцию против Пакистана в ответ на бомбардировки
ЦАХАЛ нанёс удары по объектам "Хезболлах" в Ливане