| Алматы қаласында 28 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. |
ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрап, ескерту жасады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде төмендегідей қауіпсіздік шараларын ұсынды:
— ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
— егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
— көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
— қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
Одан бөлек, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі сақталуда.
«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарып қалуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз»,- деп ескертті ТЖД мамандары.

Натуральные маски: золотое правило «не передержать»
«Анализы в норме» — и человек на кладбище. Врачи раскрыли страшную правду о лабораторных бланках
Американские военные лазером сбили дрон погранслужбы США
The New Indian Express: Хищник напал на мужчину в Тамилнаде
Россиян оставили без денег. Что натворил Центробанк